Войти

ИМАН

ИМАН - АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ

«Иман»деген сөз араб тілінен аударғанда бір нәрсеге сену, илану деген ұғымды білдіреді. Ал діни термин ретінде Иман ардақты Пайғамбарымыз Хазреті Мухаммад саллаллаһу аләйһи уәссәләм ның Аллаһ тарапынан алып келген нәрселерінің барлығына сеніп, шын жүрекпен қабылдап, әрі оны тілмен айтып жеткізу және амалмен іске асыру. Яғни иман үш бөлімнен тұрады, жүрекпен бекіту, тілмен айту және амалмен іске асыру.

1.Сөз екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, жүректің сөзі, оны сенім деп айтамыз.

2.Тілдің сөзі. Бұл деген Ислам кәлимәсын ауызбен айту.

3. Амалмен іске асыру. Имам Мәлик, әш-Шәфи’й, Ахмәд, әл-Ауза’и, Исхақ ибн Рахауәйһ, басқа хадис ғұламалары және Мәдине жұрты былай деді; «Иман ― жүрекпен бекіту, тілмен айту және осы екеуінің үстіне амал қылу».

(Исламдағы көптеген адасушы мәзһәбтағылар мурджииттердің адасқан ақидасына сүйенеді. Олардың есептеуінше тозақтан құтылуға жалғыз тілдегі иман жеткілікті, амал қажет емес. Мұны олар былай түсіндіреді; «Егер адамның иманы бар болса, оған қандай да бір күнәлары зиян бере алмайды» және олардың айтуынша; «амал иманның негізгі бөлігі емес, иман дегеніміз тек қана жүрек сенімі». Тағы олардың айтуынша «иман көбеймейді және азаймайды және Аллаһқа күмәнсыз сенген кісіге қандай күнә істесе де тозақ жалыны тиюі мүмкін емес». Мурджииттердің бұл ақидасын джахмилер, марисилер, салихилер, аш’арилер мен матурудилер қолдайды. Кейін мурджииттердің адасулары басқа адасқан ағымдардың көзқарастарымен толыға түсті. Олар му’тазилиттердің «пенде Аллаһ қаламаса да өз қалауымен амал жасай алады, тақуалар ахиретте Аллаһты тіке көруі мүмкін емес» деген ақидасын қабылдады. Олар және өздеріне «мұсылман мемлекеті басшысыз бола алады» деген хариджилік көзқарасты ендірсе, джахмилерден «мәңгілік тек қана Аллаһ, джәннат пен тозақ өз тұрғындарымен түбісі жоқ болады» дейді. Мурджииттердің көзқарастары өз арасындағы ағымдардың ақидасына қарай әр түрлі. Мухаммад Абдуррахмән әл-Хумәйистің түсіндірмесінен үзінді)

Әбу Ханифаның көзқарасын қолдайтын ізбасары, ғалым, шейх Ибн Әбил Изз әл-Ханәфий өзінің «Шарх әл-Ақида ат-Тахауиә» кітабында былай дейді; «Иман туралы тағы бір анықтама бар. Онда былай айтылған; “Сөз екі бөлімнен тұрады. Біріншісі (құр айтылған сөз емес) жүректің сөзі, оны сенім дейді. Екіншісі тілдің сөзі. Бұл деген (жүрек сенімінен кейін) Ислам кәлимасын айту. Амалдар да екі бөлімге бөлінеді.

Біріншісі, жүрек амалы. Оған; ниет және ықылас кіреді.

Екіншісі ағзалардың амалы (қол, аяқ сияқты). Егер осы екі бөлімдегі төрт нәрсе жоғалса, иман толығымен жоғалады. Егер жүрегімен бекітпесе, басқа амалдары пайда бермейді. Ал жүрегімен бекітіп, басқа мүшелерінде жоқ болса, онда бұл ― қарама-қайшылықтар алаңына айналады».
(Шарх әл-Ақида ат-Тахауиә кітабынан)

Шейх Солих ибн Фаузан өзінің «Біз кезінде қараңғылықта едік...» кітабының 8-ші бетінде былай дейді; «Қазіргі күнде кейбір надан, адасқан адамдар; батыл ақидаларды оқымай-ақ қойыңдар, тек дұрыс ақиданы оқумен шектеліңдер, адасқандардың ақидаларын тануға әрі олардың күмәндарын әшкерелеуге қол сұғуды қойыңдар, бұларды тастаңдар, мұсылман балаларына тек дұрыс ақиданы ғана үйретіңдер, оларға теріс сөздердің қателіктерін, жалғандықтарын әшкерелеуді үйретпеңдер –дейді. Осылар не білімнен еш хабары жоқ наданнан шыққан, немесе батыл мәзһәбтармен олардың күмәнына қарсы келуді қаламайтын бет бұрғандардан шыққан сөз. Олар кейде адамның; «Мен мұсылманмын, мүминмін »-деуі жеткілікті, Исламның жалпы есімі жетеді, Әһли Суннә уәл Джәмаъа деп айтпаңдар, адасқандар, ағымдар, келіспеушіліктер деп айтпаңдар, бұл мұсылмандардың арасын ажырату -дейді. Бұның барлығы адасушылық, өйткені Аллаһ Та´алә хақты-батылдан, тура жолды-адасудан, ширкті-тәухидтен ажыратып берген».

Кейбір адасқан топтар мурджий сектасының адасқан ақидасына сүйеніп; амал қылу иманның шарттарына кірмейді, тек тілмен айтып жүрекпен бекітсе жеткілікті деген сөзді айтты. ИншаАллаһ біз бұларға қарсы Құран мен Сүннеттен бірнеше айғақ келтіреміз.

 

 

АМАЛМЕН КӨРСЕТУ ИМАННЫҢ БІР БӨЛІГІ ЕКЕНДІГІНЕ ҚҰРАННАН ДӘЛЕЛ;

Аллаһ Та‛алә Қасиетті Құранның «Тәубе» сүресінің 11 аятында былай дейді; «Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің діндес бауырларың». Бұл аятта иман келтірген кісінің қандай амалдар істеуі керек екендігі анық көрсетілген және ауызбен айтып жүрекпен бекіткеннен кейін, амалмен көрсету иманның шарттарынан екендігіне дәлел ретінде бірнеше аяттар келтіреміз.

1. Бақара сүресінің 3-ші аятында Аллаһ Та‛алә иман келтіргендерді былайша суреттейді; «Сондай-ақ олар ғайыбқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Аллаһ жолында) пайдаландырады.

2. Аллаһ Та‛алә Бақара сүресінің 43-ші аятында былай бұйырады; «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ сәжде қылушылармен бірге сәжде етіңдер»

3. Бақара сүресінің 217-ші аятында Аса Жоғары Аллаһ айтты; «Шын иман келтіргендер, ауа көшкендер және Аллаһ жолында күрескендер міне солар, Аллаһтың рахымын үміт етеді».

4. Аллаһ Та‛алә Ниса сүресінің 122-ші аятында айтады; «Иман келтіріп, жақсы амал істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз де, олар онда мәңгі қалады. Өйткені Аллаһтың уәдесі хақ. Аллаһтан тура сөзді кім ?.

5. Аллаһ Та‛алә Әнфәл сүресінің 2-3-4-ші аяттарында айтады; « Сөзсіз му’миндер; Аллаһ еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Аллаһтың аяттары оқылса, имандары артып Раббыларына тәуекел қылады. Сондай-ақ олар, намазды толық орындап, оларға берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Міне солар, шын му’миндер. Олар үшін Раббыларының қасында дәрежелер және жарылқау әрі көркем несібе бар».

6. Аллаһ Та‛алә Хадж сүресінің 77-78-ші аяттарында айтады; «Ей иман келтіргендер! Рукуғ, сәжде қылып, Раббыларыңа ғибадат қылыңдар және хайырлы амал қылыңдар. Әрине құтыларсыңдар. Аллаһ жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ибраһим (а.с.) ның жолы. Аллаһ бұрын да, осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін ″Мұсылман″ деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаһқа жабысыңдар. Иелерің сол; нендей жақсы Ие. Нендей жақсы жәрдемші».

7. Аллаһ Та‛алә Му’минун сүресінің 1-9-шы аяттарында айтады; «Ақиқатында иман келтіргендер құтылды. Олар сондай муминдер, намаздарында іштей жалбарынады. Олар бос нәрселерден аулақ болады. Олар зекеттерін береді. Олар ұятты жерлерін сақтайды. Бірақ әйелдері немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. Егер кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар шектен шығушылар. Олар (иман келтіргендер) аманаттарын, уәделерін қорғаушы. Олар намаздарына ұқыпты».

8. Аллаһ Та‛алә Қасас сүресінің 227-ші аятында айтады; «Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп жақсы амал істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі».

9. Аллаһ Та‛алә Қасас сүресінің 80-ші аятында айтады; «Өздеріне білім берілгендер; ″Аллаһтың сыйлығы иман келтіріп жақсы амал істегендерге ғана жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді″ деді».

10. Аллаһ Та‛алә Ъанкәбут сүресінің 7-ші аятында айтады; «Сондай иман келтіріп, жақсы амал істегендердің жамандықтарын міндетті түрде жоямыз да, өздерін істегендерінен гөрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз».

11. Аллаһ Та‛алә Ъанкәбут сүресінің 56-ші аятында; «Ей иман келтірген құлдарым! Әрине жерім кең. Маған ғана ғибадат қылыңдар» деп амал қылуға бұйырса, осы сүренің 58 аятында былай айтады; «Иман келтіріп жақсы амал істегендер, әлбетте оларды джәннәттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да, олар онда мәңгі қалады».

12. Аллаһ Та‛алә Рум сүресінің 15-ші аятында айтады; «Ал енді иман келтіріп жақсы амал істегендер, бір бақшада сыйланады».

13. Аллаһ Та‛алә Рум сүресінің 45-ші аятында айтады; «Өстіп Аллаһ, иман келтіріп, жақсы амал істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас Ол, қарсы келгендерді жақсы көрмейді».

14. Аллаһ Та‛алә Луқмән сүресінің 8-ші аятында айтады; «Күмәнсіз иман келтіріп, жақсы амал істегендер, олар үшін нығметі таусылмайтын бақшалар бар».

15. Аллаһ Та‛алә Сәбә сүресінің 4-5-ші аятында айтады; «Иман келтіріп, жақсы амалдар істегендерге сыйлық берілуі үшін. Міне солар үшін; жарылқау, көркем несібе бар. Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар».

16. Аллаһ Та‛алә Сәбә сүресінің 37-ші аятында айтады; «Малдарың да, балаларың да сендерді бізге жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, жақсы амал істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады».

17. Аллаһ Та‛алә Фатир сүресінің 7-ші аятында айтады; «Сондай қарсы болғандар, оларға қатты азап бар. Ал иман келтіріп, жақсы амал істегендер, олар үшін жарылқау, әрі ірі сыйлық бар».

18. Аллаһ Та‛алә Фатир сүресінің 37-ші аятында айтады; «Олар (Яғни, иман келтірмегендер, жақсы амал істемегендер) тозақта; ″Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік″ деп шыңғырады. ″Сендерге үгіт алғысы келетін кісі үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар, Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ″ делінеді.

19. Аллаһ Та‛алә Сод сүресінің 28-ші аятында айтады; «Немесе иман келтіріп, жақсы амал істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба?».

20. Аллаһ Та‛алә Ғафир сүресінің 58-ші аятында айтады; «Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, жақсы амал істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінерсіңдер.

Амалмен көрсету иманның ажырамас бөлігі екенін көрсететін аяттар мен хадистердің көптігі соншалық, барлығын тізіп көрсету мүмкін емес. Пайғамбарымыздың саллаллаһу аләйһи уәссәләм, «Иманның ең әлсіз бөлігі, адамдардың жолында жатқан тікен талды алып тастау» деген кез-келген мұсылман білетін кең тараған өсиетінің өзі, иманның ең әлсіз бөлігінің өзі амалмен көрсету екеніне дәлел. Әбу Ханифаның көзқарасын ұстанушы ғалым Ибн Әби әл-Изз әл-Ханәфий өзінің «Шарх әл-Ақида ат-Тахауиә» кітабында былай дейді; «Амалмен көрсету иманның ажырамас бөлігі екендігіне, Кітап пен Сүннетте дәлел толып тұр»

Обсудить у себя 0
Комментарии (0)
Чтобы комментировать надо зарегистрироваться или если вы уже регистрировались войти в свой аккаунт.
Абу Абдуллах
Абу Абдуллах
Был на сайте 5 марта 2015 года в 18:14
56 лет (01.01.1970)
Читателей: 1 Опыт: 0 Карма: 1
все 1 Мои друзья
zarina