Войти

ДЖӘҺМИ СЕКТАСЫНЫҢ «ӘЛ-ӘСМӘ УӘ АС-СИФАТ» МӘСЕЛЕСІНДЕ АДАСУЫ ЖӘНЕ БҰЛ МӘСЕЛЕДЕ ӘБУ ХАНИФАНЫҢ АТЫН ТӘЛБИС (БҮРКЕНІШ) ҚЫЛУЫ.

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

Әбу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте, пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәссәләм; «Тура жолға шақырған, соның себебімен дұрыс жолға түскендердің сауабын алады, одан дұрыс жолға түскендердің сауабы кемсітілмейді. Теріс жолға шақырған, теріс жолға түскендердің күнәсін алады, одан адасқандардың күнәсі кемсітілмейді» (Муслим) деген екен. Бұл жерде «дұрыс жол» деп аталып отырған жол, Құран, Сүннет және сахабалардың жүріп өткен сара жолы екенін көзі қарақты әрбір мұсылман түсінеді.

Джәһмилердің ақидасы міндетті түрде мына шарттан тұрады;


8. Аллаһқа мекен тағайындамау. Яғни, Аллаһ аспанда деген сияқты ойлар да адамды діннен шығарады. (Яғни, Аллаһ аспанда деп ойласаң, кәпір болып діннен шығасың дейді).

Ал «Введение в Ислам» деп аталған орысша нұсқасының 26-шы бетінде бұл сөз былай берілген;

8.Отказот попыток определения местонахождения Аллаха. Например, человек теряет веру, если скажет, что Аллах находится на небесах.

Бұл жарамсыз бұзық ақида. Әһли Сүннет ғалымдары бұл пікірді бірауыздан жоққа шығарған. Адасқан Му’тазилилер, Джәһмилер, Харурилер (хариджиттер), Аллаһтың «А‘лә» (Жоғары), «Та’алә» (Аса Жоғары, орысша Всевышний) сипаттарын мойындамай бас тартты.

Мухаммад Абдуррахмән әл-Хумейистің орыс тіліне аударылған «Вероубеждение четырех имамов» кітабында му’тазилиттер туралы мынадай түсінік берілген;
Му’тазилилер (ерекшеленген, бөлінгендер) шамамен хиджраның 105-110
шы жылдары кәләм (философия) ілімінің негізінде пайда болды. Бұл ілімнің негізі Әбу Хузайил әл-Аллафтың уақытында қаланып бітті және бес негізге негізделді; ...

… және му’тазилилердің ғалымдары Әбу әл-Хузайил, әл-Искәфи, Мухаммад ибн Абдул Уәһһәб әл-Джуббаидың пікірінше Аллаһ аспанда емес, барлық жерде. Ал Хишам әл-Фаути, Ибад ибн Суләймән және Әбу Зуфрдың пікірінше Аллаһтың ешқандай мекені жоқ. Кәләм ілімін ұстанатын аш’арилер мен матурудилер му’тазилилердің бұл көзқарасын толық қолдайды.

Шейхул Ислам Ибн Таймиәның «Мәджмуъ әл-Фатауа» кітабының 5 том 48 бетінде, шейх Ибн Әбил Изз әл-Ханәфийдың «Шарх Ақидатут Тахауиә» кітабының 301 бетінде, шейх Ибн Қайим әл-Джәузидың «Иджтимә әл-Джуйуш әл-Исләмиә» кітабының 139 бетінде, әз-Зәһәбидың «әл-Улуу» кітабының 101-102 бетінде  «
Әл Фиқһ Әл — Әкбар»кітабынан Абу Муты Ибн Абдуллаха аль Булхыдан иснадпен Әбу Ханифаның былай дегені келтірілген; «Әбу Ханифа айтты; ʺКім, Аллаһ аспанда ма, жерде ме, білмеймін десе, ол -  кәпір, өйткені Аллаһ айтты; ʺАллаһ Аршының үстіне орнықтыʺ, ал Аршы жеті қабат көктен де жоғары.

Сонда мен одан былай деп сұрадым; ʺАл егер әлдекім, Аллаһ Аршының үстінде, ал бірақ Аршы жерде ме, көкте ме, білмеймін деп айтса ше?ʺ  

Әбу Ханифа айтты; ʺОл кәпір! Өйткені ол Аллаһтың жеті қат көктен Жоғары екендігін теріске шығарды. Аллаһ Аса Жоғары және дұға қылып сұрағанда төменнен емес жоғарғы жақтан сұрайды».

Әбу Ханифаның осы сөзіне қарап ақ  джәһми ақидасын ұстанып жүргендердің оның мәзһәбына үш қайнаса да сорпасы қосылмайтынын білуге болады.

Комментариев: 0

АЛЛАҺТЫҢ АСПАНДА (АСА ЖОҒАРЫ) ЕКЕНДІГІНЕ ЕҢ БІРІНШІ ДӘЛЕЛ – ҚҰРАН.

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

Му’тәзилилер, джахмилер, харурилер, аш’арилер және матурудилер Құранның «Рахмән аршыға жоғарылады (көтерілді)» (Таһә, 5аят) деген аятын бұрмалап, Аллаһ Аршыға үстемдік етті, бағындырды, меңгерді, күшпен басып алды деп түсіндіреді. Бірде-бір Әһли Сүннет ғұламалары мен атақты Құран тәпсіршілері бұл аятты бұлай тәпсірлемеген. Сәләф ғұламалардың арасында Аллаһтың ең жоғарғы жаратылыс аршының үстіне (аспанда) көтерілгендігіне талас жоқ. Бұл ақидадан тек адасқан топтар ғана бас тартты.

Әһли Сүннет және Жамағат бір ауыздан Аллаһтың аршының үстіне көтерілгеніне иман келтіреді.

Ханәфий мәзһәбының ақида ғұламасы шейх Әбу Джаъфар ат-Тахәуи әл-Ханәфи былай дейді; «Аллаһ Та’алә Аршыға және одан басқа ешнәрсеге мұқтаж емес. Ол барлық нәрсені қамтушы және барлығынан биік орналасқан аршының үстінде. Аллаһ Та’алә жаратылыстарды Өзін қамтуға дәрменсіз қылып қойды (жаратылыстар Аллаһты біле алмайды)»

.Шейх Ибн Әбил Изз әл-Ханәфи бұл сөзді былай түсіндіреді; «Аллаһ аршыны оған мұқтаж болғаны үшін емес, оған көтерілу үшін жаратты. Мұнда Аллаһтың хикметі бар. Сол хикметке сәйкес Ол аршыға көтерілді. Жоғарыда; «Ол- бәрін қамтушы, барлық нәрседен биік болған аршының үстінде» делінді. Аллаһтың ұлылығын жоққа шығарушылар (яғни, харури, му’тазили, матуруди т.б.секталар), егер Аллаһ туралы жоғарыда айтылғандай өзгертпестен сипаттаса, тура жол тауып, дәлел жолмен жүрген болар еді. Бірақ олар дәлелден алшақтап, тура жолдан адасты. Имам Мәликтен (содан кейін Ол аршыға көтерілді) деген аят туралы; «Қалай көтерілді?» деп сұрағанда, ол басын салбыратып терге малшынды, сосын; «Көтерілгені мәлім, ал қалай екені беймәлім, бұған иман келтіру ― уәджиб, қалай деп сұрау — бидъа» деп жауап берді. Содан кейін әлгі адамға; «Кет, сен жаман адамсың» деді. Ең жоғарыда орналасқан жаратылыс Аршы, ал Аллаһ оның үстіне көтерілген және Ол бәрін толық қамтушы». (Шарх әл Ақида ат Тахауиә кітабынан)

Аса Жоғары да Үстем Үстем Аллаһ Мүлк сүресінің 16-17ші аяттарында былай дейді; Мағынасы; «Жер теңселген сәтте Аспандағының сендерді жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме.? Немесе Аспандағының сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме»?

Аллаһтың жоғарыда екенін көрсететін бұдан да басқа аяттар келген, мысалы;
Мағынасы; «Аллаһ құлдарының үстіне қаһарымен көтерілген...» (Ән’ам, 18-61аят)

Нахл сүресінің 50ші аятында, Аса Жоғары да Үстем Аллаһ былай дейді;
Мағынасы; «Жаратылыстар үстеріндегі Раббыларынан қорқады...»

Перғауын (Фараон) да Аллаһ аспанда деген Муса аләйһиссәләмның сөзіне сенбей, оны өтірікші санап көмекшісі Хаманға былай деді; Мағынасы; «Ей Һәмән! Маған бір мұнара жаса. Мүмкін мен аспан жолдарына жетіп, (аспандағы) Мұсаның тәңірін байқармын.«Ақиқатында мен оны (Мұсаны) өтірікші санаймын». (Ғафир сүресі, 36-37 аят).

Атақты Құран тәпсіршісі муфассир Ибн Джарир Ат-Табари осы аятты былай тәпсірлейді; «Ақиқатында мен оны (Мұсаны) өтірікші санаймын». (Ғафир сүресі, 36-37 аят). Яғни, (перғауын айтады) оның (Мұсаның) айтуынша оның ғибадат қылатын аспанда құдайы бар екен, Ол Аллаһ, Ол Мұсаға жеңіс нәсіп етеді екен және Ол Мұсаны бізге жіберіпті.  «Тафсир ат-Табари»кітабы, 19/581)

Ат-Табари бұл аят жайлы және былай дейді: «Ақиқатында мен оны (Мұсаны) өтірікші санаймын»” деген аятқа келсек, перғауынның айтады: “Мұса өзін Жоғарыдағы Құдай жіберді дейді. . Ақиқатында мен оны (Мұсаны) өтірікші санаймын»”. («Тафсир ат-Табари» кітабы, 21/387 қараңыз).

Ибн Хузейма айтады; “оны (Мұсаны) өтірікші санаймын” деген сөз, Мұсаның өзінің Раббысы аспанда деп айтқанына дәлел”. «Китаб ат-Таухид» кітабы, 2/264, Ибн Хузейма

Әбу Ләйс Ас-Самарқанди өзінің тәфсірі “Бахр әл-улиум” кітабында айтады; «Ақиқатында мен оны (Мұсаны) өтірікші санаймын» дегеннің мағынасы; “(перғауын айтады) Мұса аспанда Раббым бар дейді, сол себепті, мен оны өтірікші санаймын”. «Бахр аль-‘Улюм»кітабы, 2/609.

Ибн Қудама аль-Мақдиси (620 ж. қайтыс болған.) бұл аят туралы 40:36-37, былай деген: (перғауын айтады; Мағынасы; Мұса Раббысын көктерден Аса Жоғары дегені себепті, мен оны өтірікші санаймын, Мұсаның көкте ешқандай Раббысы жоқ”  «Исбат Сыфат әл -‘Улуу», бет. 65

Имам әз-Зәһәби (748 ж. қайтыс болған) бұл аят туралы айтады:

يعني: أظن موسى كاذبا أن إلهه في السماء, ولو لم يكن موسى عليه السلام يدعوه إلى إله في السماء لما قال هذا; إذ لو كان موسى قال له: إن الإله الذي أدعوك إليه, ليس في السماء / لكان هذا القول من فرعون عبثا, ولكان بناؤه القصر جنونا

«Мағынасы: “Көкте құдай бар деген Мұсаның сөзі өтірік”. Егер Мұса көктегі Раббысына иман келтіруге шақырмаса, перғауын бұл сөзді айтпас еді.. Мұса менің Раббым көкте емес десе, перғауын мұнара тұрғызып әуре болмас еді». («Китәб әл -‘Арш» кітабы, 2/17)

Аллаһ Жоғарыда деп айту Әһли Сүннеттің ақидасы, Ал Аллаһтың “Аълә” (Аса Жоғары) сипатын мойындамау, перғауынның ақидасы екендігін, мұсылман бауырымыз біліп қойсын.

Аъраф сүресінің 54 ші аятын атақты Құран тәпсіршісі шейх ат-Табари былай
түсіндіреді; Мағынасы;«Иә адамдар, сіздердің Раббыларыңыз ― Иелеріңіз сіздердің істеріңізді оңғартушы, өйткені Ол барлық нәрселердің ғибадатына лайық. Ол көктер мен жерді алты күнде жаратты. Бұл күндер; — жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері. Содан кейін Өзінің Ұлылығына лайық түрде аршыға көтерілді...

Комментариев: 0

АЛЛАҺТЫҢ АСПАНДА ЕКЕНДІГІНЕ ЕКІНШІ ДӘЛЕЛ – СҮННЕТ.

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru
Адасқан Джәһми сектасы керісінше Аллаһ Аса Жоғары деп (сенбей ақ) айтудың өзі, перғауынның ақидасын ұстану деп есептейді. Олардың ақымақтығы сол, бұл сөздермен, Аллаһтың Елшісін, саллаллаһу аләйһи уәссәләм, және сахабаларды перғауынға теліп жатқандарын түсінбейді.

Имам Муслим «Китәб ас-Соләт» кітабының 537 ші бетінде Му’ауиә ибн әл-Хәкәм ас-Салмидың (р.а) былай дегенін келтіреді; «Мен қара реңді күңімді ертіп кеп;  ˮЯ Расулуллаһ! Мен бұны кәффарат ретінде азат қылсам ба деп едім. Азат қылсам бола ма? ˮ — деп сұрадым. Расулуллаһ саллаллаһу аләйһи уәссәләм одан; “Аллаһ қайда?” деп сұрады. Ол (күң); “Аспанда” деп жауап берді. Ол саллаллаһу аләйһи уәссәләм; “Мен кіммін”? деп сұрады. Ол “Сен Аллаһтың Елшісісің” деді. Сонда Расулуллаһ саллаллаһу аләйһи уәссәләм маған былай деді; “Оны азат қыл. Өйткені ол иманды”.

Бұл хадис Аллаһтың аспанда екенін білу, тәухидтың маңызды негіздерінің бірі екеніне дәлел.

Ал джәһмилер болса «Аллаһ қайда» деп сұраған адам ақымақ, миы кетіп қалған адам деп есептейді. Сонда Аллаһтың Пайғамбары «Аллаһ қайда» деп қара күңнен миы кетіп қалғасын сұраған ба, аъузубилләһ? Ақиқатында, джәһмилардың өздері мисыз ақымақ.

Имам Бухари жеткізген хадисте Аллаһ Елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм былай дейді; «Сіздердің орталарыңда сіздерге қарап күзетіп тұратын періштелер бар. Олардың бір тобы сіздерді түнде күзетсе, екінші тобы күндіз күзетеді. Періштелер Аср және Фаджр намазы уақытында ауысу үшін жиналады. Періштелердің сіздердің араларыңда болған тобы ауысып, екінші топқа тапсырып, аспанға Раббыларының құзырына көтеріледі...» Міне бұл хадиске қарап Аллаһ жоғарыда деп айтқан кісі кәпір, адасқан деп кім айта алар.

Бухари Әбу Хурайрадан (р.а) мынадай хадис келтіреді; «Әр түні, түннің соңғы бөлігі кірісімен, Үстем де Аса Жоғары Аллаһ төменгі аспанға түсіп былай дейді; “Кім Мен қабыл етсін деп Маған ду’а қылуда? Кім Мен берсін деп Менен сұрауда? Кім Мен кешірсін деп Менен кешірім сұрауда?»

«Мухтасар әл-Улуу» кітабында Джарирден мына хадис келтірілген; «Жердегілерге мейрімсіз болғанға, Аспандағының мейрімі болмайды». Аллаһ аспанда деген кәпір боп діннен шығады дегендердің өздері Исламнан алыста адасуда екендігіне Құран, Сүннет және сәләфтарымыз дәлел.

Аллаһтың Елшісі, саллаллаһу аләйһи уәссәләм, айтты; «Аспандағы маған сенімділік танытқанда, сендер маған сенімсіздік танытасыңдар ма?». (Бухари,4351, Ибн Хузәймә, 2373).

Аллаһтың аспанда екенін көрсететін хадистердің көптігі соншалық, бәрін бұл кітапшада тізіп шығу мүмкін емес.

Комментариев: 0

АЛЛАҺТЫҢ АСА ЖОҒАРЫ ЕКЕНДІГІНЕ СӘЛӘФ (АЛДЫҢҒЫ) ЖӘНЕ ХАЛӘФ (КЕЙІНГІ) ҒАЛЫМДАРДАН ДӘЛЕЛ.

 

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru
«Тарих әл-Кәбир» кітабында имам Бухари, Әбу Бәкрдың радиаллаһу анһу, былай дегенін жеткізеді; «Кім Мухаммәдты тәңір тұтса – Мухаммәд өлді. Ал кім Аллаһқа құлшылық қылса – Аллаһ аспанда, Тірі, өлмейді». Аллаһ аспанда деп айтқан кісі кәпір боп діннен шығады деп кім айта алар, егер ең дұрыс хадис жеткізуші кісі Бұхари мен ең шыншыл, ең сыддық кісі Әбу Бәкр осыған куәлік беріп тұрса.

Пайғамбарымыздың, салләлләһу аләйһи уәссәләм, әйелдеріне, Зәйнәб, радиаллаһу анһә, былай деді; «Сендерді отбасыларың күйеуге берсе, мені жеті қабат көктің биіктігінен Аллаһтың Өзі күйеуге берді». (ЖеткізгенАт-Тирмизи, 3137, әл -Бәйһақи және Бухари; иснадыжақсы)

Ибн Аббас, радиаллаһу анһу, көңілін сұрамақ боп, өлім халінде жатқан Айша анамызға кіргенде былай деді; «Сен Аллаһтың Елшісінің, саллаллаһу аләйһи уәссәләм, ең сүйікті әйелі болдың, ал ол тек хайырлы нәрсені ғана жақсы көретін және сені жеті қабат көктің биіктігінен Аллаһтың Өзі (жабылған жаладан) ақтап алды». (Жеткізген Имам ад-Дарими өзінің «ар-Родд ‘алә Джәһмиә», 27 — бет, Имам Ахмәд өзінің «Муснад», кітаптарында 2336, 2496  иснады сахих).

Табиъин Масруқ Айша, радиаллаһу анһә, анамыздан хадис жеткізгенде былай айтатын; «Ақиқатшыл да шыншыл, Аллаһтың Өзі жеті қабат көктің биіктігінен ақтап алған Айша, сыддық Әбу Бәкрдің қызы, маған былай деп айтты». (Жеткізген Ибн әл-Қайим в «Иджтимә джуйуш» кітабы, 90 — бет, және Ибн Хаджар  «Тахзиб ат-Тахзиб», 12/386)

Бәйһақидың «әл-Әсмә уә ас-Сифат» кітабының 456 бетінде және Әбу Ханифаның «әл-Фиқһ әл-Әкбар» кітабының 60 бетінде мынадай дерек келтірілген; Әбу Ханифадан Аллаһтың төменгі (ән-нузул) аспанға түсуі туралы сұралғанда, ол былай деген; «Аллаһ төменгі аспанға түседі және бұл жөнінде қалай деп сұралмайды».

Хафиз әл-Бәйһақидың «әл-Әсмә уә ас-Сифат» кітабында тағы мынадай дерек келтірілген; «Әбу Ханифадан бір әйел; ″Сенің сиынатын тәңірің қайда?″ деп сұрағанда, ол; ″Ақиқатында Пәк және Аса Жоғары Аллаһ аспанда″ деп жауап берген.

«әл-Фиқһ әл-Әбсат»кітабының 51бетінде Әбу Ханифаның; «Аллаһтан ду’а қылып сұрағанда тек, жоғарыдан (аспаннан) сұралады. Өйткені төмен жақ Оның рубубиясы мен улухиясына қатысты емес» дегені келтіріледі. Бұл сөздің жаны бар, дұға қылғанда ешкім неге қолын төмен созбай, жоғарыдан сұрайды.

«Мәсәил имам әл-Ахмәд»кітабының 263 бетінде Әбу Дәуд, Абдуллаһ бин Нәфидың былай дегенін жеткізеді; «Имам Мәлик айтты; Аллаһ аспанда, ал Оның ілімі барлық жерде».(Яғни Аллаһ аспанда және жаратылыстарын шексіз, толық қамтиды)

Шейх Ибн Қайим «Иджтимә әл-Джуйуш әл-Исләмиә» кітабының 65 бетінде имам әш-Шәфи’идың былай дегенін келтірген; «… Аллаһ аспанда аршының үстінде, Өз жаратылыстарына қалай қаласа солай жақындайды, ең төменгі аспанға қалай қаласа солай түседі»

Әс-Суннә кітабының 24 бетінде және Әл-Ибәнә кітабының 328 бетінде былай делінген; «Абдуллаһ ибн Мубарәктан бір кісі; ʺО Абә Абдур Рахмән, мен дұғамда джәһмилерді тым көп лағынеттеймін бе деп, Аллаһтан қорқамынʺ-деп сұрағанда ол айтты; ʺҚорықпа! Өйткені олар көктерден жоғары болған сенің Раббыңды (Жоғарыда) жоқ деп есептейдіʺ».

Имам Абдул Хади айтады; «Аллаһ Аршының үстінде емес деген Бишр әл-Марисиден тәубә қылуды талап еткен Әбу Иусуфтың оқиғасы бәрімізге мәлім». "Әл — Кәләм алә мас'аләти әл -истиуә" кітабы, 53 бет.

Имам Бухари айтады; «Мен Абу Абдуллаһ (яғни, Бухари)  және Уәһб ибн Джарир айтамыз; «Джәһмилер зындықтар (дінсіздер), ақиқатында, олар Аллаһ Аршының үстіне көтерілген емес деп айтқылары келеді». «Холқ әфәл әл ибад», кітабы әл -Бухари, бет 11-12.

Мухаммад бин Абд ар-Рахмән әл-Хумәйис былай дейді; «Аллаһ шекаралардан және биіктерден Ұлық және Пәк. Онда Оны шектейтін қандай да бір шекара және соңы болған қандай да бір биік нүктесі жоқ. Бірақ, бұл Аллаһ жаратылыстарымен араласқан деген сөз емес. Ақиқатында Аллаһ жаратылыстарынан ажыралған, тысқарыда.… Алты жақ жаратылыстарды қамтығандай Оны қамтымайды. Ол ондай кемшіліктерден Пәк. Бірақ бұдан Аллаһтың жан-жағы жоқ деп түсінбеу керек. Аллаһ аспанда. Біз Оның барлық есімдеріне, сипаттарына иман келтіреміз, бірақ олардың анығын білмейміз».

Әһли Сүннеттің ақида ғұламасы, шейх Ибн Ибн Әбил Изз әл-Ханафи өзінің «Шарх Ақидатут Тахауиә» кітабында былай дейді; «Исра хадисінде, пайғамбар саллаллаһу аләйһи уәссәләм денесімен сергек жағдайда Меккедегі Мәсджид әл-Харамнан Қуддустағы Мәсджид әл-Ақсаға Буракқа мінгізіліп, Джәбрәил аләйһиссәләммен бірге алып барылды. Сол жерде пайғамбарларға имам болап намаз оқыды. Бурақты мешіттің есігіне байлады. Содан кейін сол түні Бәйтул Мақдистен бірінші аспанға көтерілді.
… Бұл берекелі түн туралы Аллаһ Елшісінен саллаллаһу аләйһи уәссәләм жеткен барлық сахих хадистер шындық. Миғраж хадисінде ақылды кісілер үшін Аллаһтың Ұлық сипаты туралы дәлелдер бар»
. (Яғни, Аллаһтың аршының үстіне көтерілуі, барша жаратылыстарынан Жоғарылығы, Ұлық екендігі).

Аллаһ ‘Иса аләйһиссәләм пайғамбарды оң тарапқа, әлде сол тарапқа немесе төмен жер астына алып кеткен жоқ. Аллаһ ‘Иса аләйһиссәләм ды Өзіне (аспанға) көтеріп алып кеткеніне кез келген мұсылман сенеді. Өйткені мұны айғақтайтын аяттар бар. Ақида мәселесінде адасқан Харури, Му’тазили, Джәһми секталары осының бәрін аз ақылға салып, бұрмалап түсіндіруге тырысады.

Әл-Филәни «Икәз әл-Химәм» кітабының 50 ші бетінде имам Мухаммадтан. Әбу Ханифаның былай дегенін жеткізеді; «Әбу Ханифа айтты; Егер мен Аллаһтың Кітабына және Пайғамбарымыздың саллаллаһу аләйһи уәссәләм хадистеріне қайшы келетін әлдене айтсам, онда сендер оны қабылдамаңдар».

Ал имам әш-Шәфи’й «ар-Рисәлә» кітабында; «Біздің сөзіміз тек тәйәмүм секілді. Су табылғанда тәйәмүмнің күші жойылады. Құран мен сахих хадистен нақты дәлел келгенде біздің сөзіміз күшін жояды» деген.Сондықтан кез-келген көзқарасқа соқырлықпен ілеспей Құран, Сүннет және сәләф (алдыңғы) ғалымдарымыздың сөздерімен дәлел қарап, саралайық бауырлар. Джәһми және басқа да кәләм ілімін ұстанушылардың Әбу Ханифаға еш қатысы жоқ. Ал олардың кітаптарының сыртындағы «Әбу Ханифа мәзһәбы бойынша» деген жазу жай бетперде ғана.

Әбу Ханифа кейбір кәләм ілімін ұстанушыларға Аллаһтың лағынеті болсын деп қарғаса, имам әш-Шәфи’и оларға дүре соғып, сосын түйемен көше-көшені аралатып кәләм ілімін ұстанушылардың жазасы осы екенін жариялау керек деген пікірде болған.

«Замм әл-Кәләм»кітабының 28-31ші бетінде әл-Харауи былай дейді; «Әбу Ханифа айтты; “Амр ибн Убаидқа Аллаһтың лағынеті болсын. Ол адамдарға еш пайда бермейтін кәләм іліміне жол ашты”».

«Мәнақиб Әби Ханифа»кітабының 183-184ші бетінде имам Ахмәд ибн әл-Мәкки, Әбу Ханифаның баласы Хаммадтың былай дегенін жеткізеді; «Бірде маған әкем келді, бұл кезде менің үйімде бір топ кәләм ілімін ұстанушылар отырған еді. Біз әлдебір мәселені дауыс көтере қызу талқылау үстінде едік. Әкемнің дыбыстағанын естіп мен оған қарсы шықтым. Ол менен; “бұл неғылған адамдар, ей Хаммад?” деп сұрады. Мен; “мұнда осындай да, осындай адамдар бар” деп есімдерін тізіп айтып шықтым. Ол; “қандай мәселеде келіспеушіліктесіңдер?” деп сұрағанында, мен; “осындай да, осындай бір сұрақ туындады” деп жауап бердім. Ол сол кезде; “балам, ендігі кәләм ілімімен айналысуыңды тоқтат” деп бұйырды. Мен әкемнің өз-өзіне қайшы келгенін бірінші рет көріп таң қалдым, ол бір нәрсеге рұқсат берсе қайыра тиым салушылардан емес еді. Сондықтан мен одан; “Ей әкетайым! Кәләм ілімін зерттеуге өзің бұырмап па едің” деп сұрадым. Ол маған; “иә балам, бірақ бүгін мен саған кәләм ілімін ұстануға тиым саламын” деді. Мен; “неге?” деп сұрағанымда, ол; “балам, кәләм ілімін ұстанушылардың алғашқы толқыны бір көзқарас, бір дінде еді. Бірақ шәйтан олардың ауызбірліктерін алып қойды да олардың арасына алауыздық салды, сөйтіп олар топ-топтарға бөлінді...”».

Өздерін Әбу Ханифа мәзһәбындамыз дейтін джәһми ақидасын қолдаушылардың жік-жік болып махмудшы, сүлейменші, таблиғи жамағат, йассауишы, нақышбенди, деобенди, сопы, зікірші, тариқатшы, хизбут тахрир, Құраниттер, нұршы т.б. да секталарға бөлінуінің ең негізгі себебі, осы джәһмилерден бастау алатын кәләм ілімі боп табылатыны ақиқат. Біз дұрыс жолда болу үшін жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түріктің және басқа да джәһмилердің сопыларының кәләмдық көзқарастарынан сақтанып, сәләф (алдыңғы) ғалымдарымыз жүрген және үйреткен жолды ғана басшылыққа алуға тиіспіз. Әбу Ханифаның ең үздік шәкірті Әбу Иусуф; «Кәләм (философия)ілімін білу ─ джәһилдік (надандық). Кәләмды дұрыс емес деп одан бет бұру ─ ілім» деген екен. (Бұл хабарды «Шарх әл-Ақида ат-Тахауиә» кітабында Ибн Әбил Изз әл-Ханәфи жеткізеді).

Ал Ахмәд ибн әл-Мәкки «Мәнақиб Әби Ханифа» кітабының 373 ші бетінде Әбу Ханифаның Әбу Иусуфке былай дегенін келтіреді; «Дін негіздері туралы кәләм іліміне сүйеніп сөйлеуден сақтан, өйткені адамдар саған еліктеп осыны істеуге кірісуі мүмкін».


Әл-Харауи «Замм әл-Кәләм» кітабында Исхақ ибн Исадан имам Мәликтің; «Кім дінді кәләм ілімінің көмегімен үйрене бастаса, ол кәпір болады..» дегенін келтірсе, Абдуррахмән ибн Махдиден жеткен келесі бір хабарында имам Мәликтың өзіне сұрақ қойған бір кісіге; «Сен Амр ибн Убаидтың ізіне ерушілерден шығарсың? Амр ибн Убаидқа Аллаһтың лағынеті болсын! Өйткені ол дінге кәләмға қатысты жаңалықтарды ендірді. Егер ақиқатында кәләм ілім боп саналса, міндетті түрде сахабалар кәләмды шариғаттың бір бөлшегі деп есептер еді» дегенін айтады.

Имам Әбу Ханифа, Мәлик, әш-Шафи’й және Ахмәд кәләм ілімін ұстанушыларды сөккен және адамдарды бұл ілімнен сақтандырған. Ақиқатында тура жол сәләф (алдыңғы) ғалымдарымыз жүрген жол. Бұл туралы шейх Мухаммад Солих ибн Усәймин былай дейді; «Әһли Сунна уәл Джәмаъа дегеніміз біздің үмметің (алдыңғылары) сәләфтары. Кім оларға ілессе, олардың бәрі ― сәләфит болып табылады».

 

Комментариев: 0

АЛЛАҺТЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАРҒА ЖАҚЫНДЫҒЫ.

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

Аллаһтың жаратылыстарға (маъии) жақындығы екі түрге бөлінеді;

1.     Жалпы.

2.     Нақты.

Бірінші түріне келсек, Аллаһтың жалпы, яғни, иманды және кәпір, тақуа және күнәһар құлдарын толық қамтып өз ішіне алуы, яғни, Аллаһ Өзінің Білімімен, Өзінің жаратылыстарының не істегенін, не сөйлегенін, толық білуі. Жақындықтың (маъий) бұл түрі иманды құлды үнемі сақ, тақуа, Раббысынан қатты қорқатын және ықыласпен сиынатын құл болуына итермелейді.

Бұл жақындықтың дәлелі Аллаһтың мына сөздері;  «Ол сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратып, сосын аршыға көтерілді. Ол, жерге кірген нәрсені әрі одан шыққан нәрсені және көктен түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге. Алла не істегендеріңді толық көруші». (57:4) .

Және Раббымыздың мына сөзі; «Көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі (Алла), әлбетте бестің алтыншысы Алла. Олар азболсын, я көп болсын, тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші».(58;7)

Жақындықтың екінші түрі, бұл Раббының Өзінің құлдарын мол ризықпен  жарылқауы, оларға жеңіс сыйлауы, олардың дұғаларына жауап беруі және оларға разы болуы. Бұл жақындық тек Аллаһтың иманды және тақуа құлдарына ғана тиісті.

Бұған дәлел мына аяттар; «Ей мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, ақиқатында Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe». (2:153)

Егер сендер (Мухаммадқа) жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден қуған кезде, оған Алла жәрдем берген. Үңгірдегі екінің бірі болған ол, (Мұхаммед Ғ.С.) жолдасына (Хазіретті Әбу Бәкірге): «Қайғырма! Расында Алла бізбен бірге» деді. Алла оның көңілін орнықтырып, ондай-ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі; Жоғары. Алла өте Үстем, хикмет Иесі.(9:40)

Комментариев: 0

АЛЛАҺТЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАРЫМЕН БІРГЕ ЕКЕНДІГІ АЙТЫЛАТЫНЫ ЖӨНІНДЕГІ АЯТТАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАТЕ ТҮСІНІК ПЕН АДАСУШЫЛЫҚ.

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

Аллаһ Таъалә Қасиетті Құранның көптеген жерлерінде Өзінің құлдарына жақын екенін айтады. Раббымыз айтады;

«Ол сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратып, сосын Аршыға көтерілді. Ол, жерге кірген нәрсені әрі одан шыққан нәрсені және көктен түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге. Алла не істегендеріңді толық көруші». (57;4)

«Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз». (50;16)

«Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (2;186)

«Көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі (Алла), әлбетте бестің алтыншысы Алла. Олар азболсын, я көп болсын, тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші».(58;7)

Қалайша бұл аяттарды адамдар теріс түсіне бастады? Бұған бірінші боп жол ашқан кім?

Ислам тарихына көз салсақ, сахабалар арасында бұл аяттарға қатысты түсінбеушіліктер, адасушылықтан туындайтын таластар болмағанын көреміз. Бұл аяттарды бұрмалап, теріс тәпсірлеп, теріс түсініп, адасқан алғашқы адам, табиъиндар уақытында өмір сүрген джәһми сектасының көсемі – Джәһм ибн Сәфуән еді. Өздері пайда болғанға дейін ешкім бұлай тәпсірлемеген аяттарды алғашқы боп джәһмилер бұрыс тәпсірлей бастады.

Джәһм ибн Сәфуән мәлімдеуінше, Аллаһтың жаратылыстарына жақындығы дегеніміз, Аллаһ Өзінің Негізімен, жаратылыстарымен бірге екенін тікелей түсіну және бұл қате түсінік оны, «Аллаһ барлық жерде» деп мәлімдеуіне әкеп соқты. Осы себептен Джәһмилер Аллаһтың Аршыға көтерілгенін, төменгі аспанға түсетінін, Аса Жоғары есім-сипатын теріске шығарып, адасты. Бұл ақиданы Бишр әл-Мариси тәрізді кейінгі джәһмилер де басшылыққа алды.

Әһли Сүннет және Жамағат қалымдары болса, бұл дінбұзарлыққа өте қатты қарсылық көрсетіп күресті. Сол уақыттың Имамдары түгелдей дерлік джәһмилердің бұл сенімін қатты сынап, адасушылық екенін мәлімдеді және куфр деп атады. Тек қана осы мәселеге арналып, олардың адасушылығын көрсететін көптеген кітаптар жазылды. «Аллаһ – барлық жерде» деп айту куфр (кәпірлік) екендігіне Әһли Сүннет және Жамағат ғалымдары бір ауыздан келісті, өйткені әжетхана, монша және жанды нәрсе бейнеленген суреттер бар, басқа да лас жерлерде періштелер болмайды, Аллаһ та бұдан Пәк.

Бұл дінбұзарлар таңған нәрселерден Раббымыз Аса Жоғары және Пәк!

Хафиз әл-Бәйһақи имам әш-Шәфи’идың; «Білімнің бәрін еш дәлелсіз қабылдай берген кісі, түнде отын жинап жүріп өзін шағатын улы жыланды қолына алғанмен бірдей» дегенін жеткізген екен.

Аллаһтың аспанда екендігіне және Ол барлық жаратылысын күре тамырынан да жақын, толық қамтитындығы турасында Әһли Сүннет ғалымдарының арасында талас жоқ.

Әһли Сүннет ғалымдарының пікірінше Аллаһтың аспанда (Жоғары) екенін дәлелдеуге жалғыз Миғраж хадисінің өзі жеткілікті. Бұл хадисте Аллаһтың елшісінің саллаллаһу аләйһи уәссәләм жеті қат аспанға бірінен соң бірін қалай көтерілгені, Аллаһ қалаған биіктікке шығып Аллаһпен сөйлескені егжей-тегжейлі баяндалған. Алайда адасқан Му’тазилә, Джахмия, Харурия секталары бұл сахих хадистердің анық мағынасына бой ұсынуға бас тартты.

Комментариев: 0

ДЖӘҺМИ АҚИДАСЫНЫҢ НЕГІЗІ ЖОҒАРЫДА АЛЛАҺ ЖОҚ ДЕП АЙТУ ҮСТІНЕ ҚҰРЫЛҒАН

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

Джәһмилердің және мұътазилә секталарының ақидаларының негізі ″жоғарыда ешқандай Аллаһ жоқ″ деп айту үстіне құрылған. Бұл туралы имам Аз-Зәһәби, Хаммәд ибн Зәид пен оның ұстазы Әйуб Әс-Сахтиянидың былай дегенін келтіреді; «Ақиқатында, олардың негізі, жоғарыда ешқандай тәңір деп айту үстіне құрылған».  (Иснады сахих бұл хабар ″Мұхтасар әл-улуу″ кітабының 132 ші бетінде және Хаммәд ибн Зәидтен, Абдуллаһ ибн Ахмәдтың ″Ас-Суннә″ кітабының 1 том 118 бетінде, Ибн Баттаның ″Әл-Ибәнә″ кітабының 3 том 194 ші бетінде, имам Ахмәдтың ″Муснадының″ 6 томының 457 ші бетінде, №27627 және басқа имамдарда да келтірілген). 

Әз-Зәһәби ″Мұхтасар әл-улуу″ кітабының 132 бетінде айтады; ″Бұл хабардың иснады Басраның имамы әрі ғалымының  (Хаммад ибн Зәид) растауынша ашық күнгі күн көзіндей анық және бағанадай берік″.

Сканер көшірмесі;

 

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

 

 

 


Джәрир ибн Абдул Хамид ад-Дабби (188 жылы дүниеден озған) былай деді; ″Джәһмилер сөйлегенде, олардың сөздерінің басы тәтті, ал соңы улы боп келеді, ақиқатында олар ″Жоғарыда ешқандай Тәңір жоқ″ деген сөзді айтқылары келеді″. Бұл хабар Әз-Зәһәбиден ″Мұхтасар әл-Улуу″ кітабының 151 ші бетінде, «Китаб аль-Арш» тың, 2/191 ші бетінде, Ибн Әби Хатим ар-Разидың «ар-Родд ‘аля Джәһмия» кітабына сүйеніп жазылған.

Сканер көшірмесі;

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

 

 


‘Абдур-Рахмән ибн Мәһди 

‘Абдур-Рахмән ибн Мәһди– ұлы Имам, Сәләф, Хафиз, хиджрамен 198 жылы дүниеден озды.

Ол туралы ‘Али ибн әл-Мәдини былай деді: «ол Үмметтің Хафизі, егер маған Қағбаның бұрышы мен Ибраһим аләйһиссәләмнің мақамының ортасында тұрып Ибн Мәһдиден басқа білім иесін көрген жоқпын деп ант ету керек болған болса, ант етер едім.». («Мұхтасар әл-‘Улу» кітабы,169 бет)

Имам аз-Зәһәби өзінің «Мухтасар аль-‘Улуу», кітабында, сахих иснадпен көптеген жеткізушілердің ‘Абдур-Рахмәна ибн Мәһдидың, былай дегенін жеткізгенін айтады:

«Джәһмның ізбасарлары: “Аллаһ Мусамен сөйлескен жоқ”, және олар: ˮжоғарыда Аллаһ жоқ”, және: “Аллаһ Аршыға көтерілген жоқ” деп айтқылары келеді. Менің пікірімше олар тәубеге қайтулары тиіс. Керісінше жағдайда олардың желкелері шабылуы керек».(Имам Әз-Зәһәбидың «Мухтасар аль-‘Улуу» кітабы,169 бет), сканер көшірмесі;

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

 

 


Әбу Ма’мар әл-Кати’и 

Имам Әбу Ма’мар әл-Кати’и – ұлы Имам, Хафиз,  әл-Бұхари мен Мүслимнің ұстазы, хиджрамен 236 жылы қайтыс болды.

Ибн Әби Хатим, Яхъя ибн Зәкәриядан, Әбу Шу’айб әл-Харауидан, Әбу Ма’мар әл-Кати’идыңбылай дегенін жеткізген: «Джәһмилердің түпкі мақсаты – ˮЖоғарыда еш Тәңір жоқˮ дегендге иман келтірту».(Имам Әз-Зәһәбидың «Мухтасар аль-‘Улуу» кітабы, 188бет)

Сканер көшірмесі:

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

 

 


Уәһб ибн Джарир 

Мұхаммәд ибн Хаммад, Уәһб ибн Джарирдің былай  (206 жылы қайтыс болды.) дегенін естіген:«Джәһмалардың сенімдерінен қатты сақтан, өйткені олар Жоғарыда ешқандай ˮТәңір жоқˮ дегенді айтқылары келеді, ал бұл сөз күпірлік пен ібілістің арбауынан басқа ештеңе емес». (. «Мухтасар аль-‘Улуу»кітабы, 170бет)

Сканер көшірмесі:

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

 

 

 

Комментариев: 0

АЛЛАҺТЫҢ ТӘУХИДЫ ТУРАЛЫ

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

АЛЛАҺТЫҢ ТӘУФИҒЫМЕН, БІЗ АЛЛАҺТЫҢ ТӘУХИДЫ ТУРАЛЫ, АЛЛАҺ ЖАЛҒЫЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕШҚАНДАЙ СЕРІГІ ЖОҚ ЕКЕНДІГІН СЕНІММЕН АЙТАМЫЗ.

Тәухид – дегеніміз, жалғыз Аллаһ Та’аләға ғана ғибадат қылу және Оған ширк қоспау.

Тәухид барлық пайғамбарлардың джәннәтқа шақыру уағызының басы, джәннәтқа апаратын жолдағы бірінші кезең және Аллаһқа бет бұрған құлдың ең бірінші ісі. Аллаһ Та’алә Құранның көптеген аяттарында пайғамбарлардың тәухидқа шақырғаны туралы айтады. Аллаһтың Елшісі Мухаммад саллаллаһу аләйһи уәссәләм айтты; «Маған адамдар Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық құдай жоқ деп және Мухаммад саллаллаһу аләйһи уәссәләм Оның елшісі екендігіне куәлік бермейінше, олармен соғысу (күресу) бұйырылды».(Бухари)

Яғни, бірінші кезекте адамды Исламға алып келетін де, өмір сүріп және бұл өмірден өтіп бара жатқан адамның қоштасатын сөзі де тәухид болуы керек. Аллаһтың елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм былай деді; «Кімнің соңғы сөзі лә иләһә иллаллаһ болса, ол міндетті түрде джәннәтқа кіреді».(Сахих)

Тәухидтың үш діңгегі бар;
1.Тәухид ар–Рубубиә
2.Тәухид әл–Улухиә
3.Тәухид әл–Әсмә уә ас–Сифат

Осы үшеуі толық болмай, пенденің иманы кәміл болмайды

Тәухид ар–Рубубиә дегеніміз; Аллаһтың бар екендігіне сену, Оның Жалғыз екендігіне сену, ризық беруші, жаратушы екендігіне сену. Бірақ тәухид ар–Рубубиә пендені мұсылман қыла алмайды. Кәпірлер мен мүшіріктердің барлығы да тәухид ар–Рубубиәны мойындайды.

Мысалы орыс христиандары «Бог один», «Бог создатель» деп тәухид ар–Рубубиәға иман келтіреді, бірақ Иса аләйһиссәләмды (христ.Иисус) Аллаһтың баласы (сын божий) деп тәухид әл–Улухиә мен тәухид Әсмә уә ас–Сифатқа иман келтірмегені себепті кәпір болады.

Кез келген мүшірік, құдайдың жаратушы, ризық беруші, жалғыз екендігіне иман келтіреді. «Егер олардан; Көктер мен жерді жаратқан кім? деп сұрасаң, әлбетте; «Аллаһ дейді...» (Луқмән сүресі, 25 аят). Олар өздерінің ширктеріне тек «Аллаһқа жақындастырсын» деп қана сиынады.(Зүмәр,3 аят)

Тәухид әл–Улухиә дегеніміз; Аллаһтың «билікте», (яғни,құдайлықта) жалғыз екендігіне иман келтіру. Яғни Аллаһтан басқа ешкімге сиынуға болмайды, Одан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ, Ол адамдар мен жындарды Өзіне ғана құлшылық қылсын, Өзінің ғана заңымен өмір сүрсін деп жаратты және заңдарын Кітап (Құран) етіп түсіріп, түсіндіріп үйрету үшін пайғамбарлар жіберді. Міне осыған иман келтіру тәухид әл–Улухиәға кіреді. Бірақ мұсылман болу үшін тәухид Әсмә уә ас–Сифатқа иман қажет.

Тәухид Әсмә уә ас–Сифат дегеніміз; Аллаһтың Өзі және Оның елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм білдірген барлық көркем есімдеріне-сипаттарына, бұрмаламастан, теріске шығармастан, ˮқалай?ˮ деп сұрамастан және (жаратылыстарға) ұқсатпастан, Аллаһ Таъалә айтады; «Аллаға мысал бермеңдер (Алланы еш нәрсеге теңемеңдер). Негізінде Алла әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер». (Нахл, 74), Құран мен Сахих Хадисте қалай келген болса, солай қабылдап иман келтіру.

Біз Аллаһтың Өзін-Өзі атаған, және Пайғамбарымыздан саллаллаһу аләйһи уәссәләм, сахих жолмен келіп жеткен есім-сипаттарына ғана иман келтіреміз. Құранда Аса Жоғары Аллаһ былай деді; … Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық көруші. (Шура. 11).

Ешбір пенде өз ақылымен, өз білімімен Аллаһтың Өзін-Өзі атамаған, Оның Елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм, білдірмеген, есім сипаттарын танып біле алмайды. Кімде кім сахих жолмен жеткен Аллаһтың бір ғана сипатына иман келтіруден бас тартса, ол – кәпір.

Міне тәухидтың осы үш негізіне иман келтірмей пенде мұсылман бола алмайды.

Исламдағы адасушы секталардың көбісі осы тәухид «Әсмә уә ас–Сифатқа» иман келтірмегені себепті, тура жолдан адасқан. Осы адасушы топтардың бірі Джәхми сектасы. Олар өздерін Әһли Сүннетпіз деп есептейді, бірақ бұл секта Әһли Сүннет және Жамағат тобына кірмейді, олар жалпы адасушылардың үкімінде.

Комментариев: 0

МҮМИНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ РАХМӘННІҢ ӘУЛИЕЛЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.



Иунус сүресінің 62 аятын Куртуби былай тәфсир қылады; «Біліңдер! Ақиқатында Аллаһтың әулиелеріне (достарына) ахиретте ешбір қауіп-қатер, қайғы жоқ. Олар иман келтіргендер, әрі тақуа болғандар».

Кәлимә-и тәухид;
Оқылуы; Лә иләһә иллаллаһу Мухаммадур-расулуллаһ. (Мағынасы; Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ. Мухаммад саллаллаһу аләйһи уәссәләм Оның Елшісі)

Шәһәдат Кәлимә;
Әшһәду әллә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһ.
(Мағынасы; Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ екендігіне және Мухаммад саллаллаһу аләйһи уәссәләм Аллаһтың құлы әрі Елшісі екендігіне куәлік етемін)

Иман ― Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, сондай-ақ тағдырдың жақсылығы мен жамандығы, әрі ащысы мен тұщысы Аллаһтан екендігіне сеніп, мойынсұну.

Аллаһтың Елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм иман туралы сұрақ берген Джәбрәйил аләйһиссәләм ға былай жауап берген; «Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне иман келтіруің және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің» (Муслим).

Яғни, иманның шарттары алтау;
1.Аллаһқа сену,
2.Аллаһтың періштелеріне сену,
3.Аллаһтың кітаптарына сену,
4.Аллаһтың пайғамбарларына сену,
5.Ахирет күніне сену,
6.Тағдырға ― жақсылық та, жамандық та Аллаһтың қалауымен болатынына сену.

Біз осы мәселелердің барлығына иман келтірген муминдерміз. Біз пайғамбарлардың ешқайсысын бөлмейміз, әрі олардың әкелгенін растаймыз.

Аллаһтың құзырында муминдердің ең құрметтілері өзінің ұлттық ерекшеліктерін, ұлттық дәстүрін дәріптегендер емес, ең құрметтілері Аллаһқа көп бойұсынғандары және көбінше Құран және Сүннет бойынша жүргендері. Аллаһ Та’алә Худжурат сүресінің 13 аятында айтады; Мағынасы; «ақиқатында Аллаһтың қасында ең құрметтілерің, тақуаларың».

Иман тілмен айту, жүрекпен бекіту және амалмен іске асыру. Шариғат және дін істері туралы Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәссәләмнан жеткен барлық сахих хадистер шындық. Иман ─ біреу. Иман негізінде иман келтіргендер тең. Олардың ішінде ең жақсылары ─ Аллаһтан көп қорқатындары, тақуалық қылатындары, нәпсісіне берілмей Сүннет жолында сабыр қылып, жақсы амалдарды абзал тұтушылар болып табылады.

Комментариев: 0

ИМАН

АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ — блог Абу Абдуллах на MyPage.Ru

«Иман»деген сөз араб тілінен аударғанда бір нәрсеге сену, илану деген ұғымды білдіреді. Ал діни термин ретінде Иман ардақты Пайғамбарымыз Хазреті Мухаммад саллаллаһу аләйһи уәссәләм ның Аллаһ тарапынан алып келген нәрселерінің барлығына сеніп, шын жүрекпен қабылдап, әрі оны тілмен айтып жеткізу және амалмен іске асыру. Яғни иман үш бөлімнен тұрады, жүрекпен бекіту, тілмен айту және амалмен іске асыру.

1.Сөз екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, жүректің сөзі, оны сенім деп айтамыз.

2.Тілдің сөзі. Бұл деген Ислам кәлимәсын ауызбен айту.

3. Амалмен іске асыру. Имам Мәлик, әш-Шәфи’й, Ахмәд, әл-Ауза’и, Исхақ ибн Рахауәйһ, басқа хадис ғұламалары және Мәдине жұрты былай деді; «Иман ― жүрекпен бекіту, тілмен айту және осы екеуінің үстіне амал қылу».

(Исламдағы көптеген адасушы мәзһәбтағылар мурджииттердің адасқан ақидасына сүйенеді. Олардың есептеуінше тозақтан құтылуға жалғыз тілдегі иман жеткілікті, амал қажет емес. Мұны олар былай түсіндіреді; «Егер адамның иманы бар болса, оған қандай да бір күнәлары зиян бере алмайды» және олардың айтуынша; «амал иманның негізгі бөлігі емес, иман дегеніміз тек қана жүрек сенімі». Тағы олардың айтуынша «иман көбеймейді және азаймайды және Аллаһқа күмәнсыз сенген кісіге қандай күнә істесе де тозақ жалыны тиюі мүмкін емес». Мурджииттердің бұл ақидасын джахмилер, марисилер, салихилер, аш’арилер мен матурудилер қолдайды. Кейін мурджииттердің адасулары басқа адасқан ағымдардың көзқарастарымен толыға түсті. Олар му’тазилиттердің «пенде Аллаһ қаламаса да өз қалауымен амал жасай алады, тақуалар ахиретте Аллаһты тіке көруі мүмкін емес» деген ақидасын қабылдады. Олар және өздеріне «мұсылман мемлекеті басшысыз бола алады» деген хариджилік көзқарасты ендірсе, джахмилерден «мәңгілік тек қана Аллаһ, джәннат пен тозақ өз тұрғындарымен түбісі жоқ болады» дейді. Мурджииттердің көзқарастары өз арасындағы ағымдардың ақидасына қарай әр түрлі. Мухаммад Абдуррахмән әл-Хумәйистің түсіндірмесінен үзінді)

Әбу Ханифаның көзқарасын қолдайтын ізбасары, ғалым, шейх Ибн Әбил Изз әл-Ханәфий өзінің «Шарх әл-Ақида ат-Тахауиә» кітабында былай дейді; «Иман туралы тағы бір анықтама бар. Онда былай айтылған; “Сөз екі бөлімнен тұрады. Біріншісі (құр айтылған сөз емес) жүректің сөзі, оны сенім дейді. Екіншісі тілдің сөзі. Бұл деген (жүрек сенімінен кейін) Ислам кәлимасын айту. Амалдар да екі бөлімге бөлінеді.

Біріншісі, жүрек амалы. Оған; ниет және ықылас кіреді.

Екіншісі ағзалардың амалы (қол, аяқ сияқты). Егер осы екі бөлімдегі төрт нәрсе жоғалса, иман толығымен жоғалады. Егер жүрегімен бекітпесе, басқа амалдары пайда бермейді. Ал жүрегімен бекітіп, басқа мүшелерінде жоқ болса, онда бұл ― қарама-қайшылықтар алаңына айналады».
(Шарх әл-Ақида ат-Тахауиә кітабынан)

Шейх Солих ибн Фаузан өзінің «Біз кезінде қараңғылықта едік...» кітабының 8-ші бетінде былай дейді; «Қазіргі күнде кейбір надан, адасқан адамдар; батыл ақидаларды оқымай-ақ қойыңдар, тек дұрыс ақиданы оқумен шектеліңдер, адасқандардың ақидаларын тануға әрі олардың күмәндарын әшкерелеуге қол сұғуды қойыңдар, бұларды тастаңдар, мұсылман балаларына тек дұрыс ақиданы ғана үйретіңдер, оларға теріс сөздердің қателіктерін, жалғандықтарын әшкерелеуді үйретпеңдер –дейді. Осылар не білімнен еш хабары жоқ наданнан шыққан, немесе батыл мәзһәбтармен олардың күмәнына қарсы келуді қаламайтын бет бұрғандардан шыққан сөз. Олар кейде адамның; «Мен мұсылманмын, мүминмін »-деуі жеткілікті, Исламның жалпы есімі жетеді, Әһли Суннә уәл Джәмаъа деп айтпаңдар, адасқандар, ағымдар, келіспеушіліктер деп айтпаңдар, бұл мұсылмандардың арасын ажырату -дейді. Бұның барлығы адасушылық, өйткені Аллаһ Та´алә хақты-батылдан, тура жолды-адасудан, ширкті-тәухидтен ажыратып берген».

Кейбір адасқан топтар мурджий сектасының адасқан ақидасына сүйеніп; амал қылу иманның шарттарына кірмейді, тек тілмен айтып жүрекпен бекітсе жеткілікті деген сөзді айтты. ИншаАллаһ біз бұларға қарсы Құран мен Сүннеттен бірнеше айғақ келтіреміз.

 

 

АМАЛМЕН КӨРСЕТУ ИМАННЫҢ БІР БӨЛІГІ ЕКЕНДІГІНЕ ҚҰРАННАН ДӘЛЕЛ;

Аллаһ Та‛алә Қасиетті Құранның «Тәубе» сүресінің 11 аятында былай дейді; «Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің діндес бауырларың». Бұл аятта иман келтірген кісінің қандай амалдар істеуі керек екендігі анық көрсетілген және ауызбен айтып жүрекпен бекіткеннен кейін, амалмен көрсету иманның шарттарынан екендігіне дәлел ретінде бірнеше аяттар келтіреміз.

1. Бақара сүресінің 3-ші аятында Аллаһ Та‛алә иман келтіргендерді былайша суреттейді; «Сондай-ақ олар ғайыбқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Аллаһ жолында) пайдаландырады.

2. Аллаһ Та‛алә Бақара сүресінің 43-ші аятында былай бұйырады; «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ сәжде қылушылармен бірге сәжде етіңдер»

3. Бақара сүресінің 217-ші аятында Аса Жоғары Аллаһ айтты; «Шын иман келтіргендер, ауа көшкендер және Аллаһ жолында күрескендер міне солар, Аллаһтың рахымын үміт етеді».

4. Аллаһ Та‛алә Ниса сүресінің 122-ші аятында айтады; «Иман келтіріп, жақсы амал істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз де, олар онда мәңгі қалады. Өйткені Аллаһтың уәдесі хақ. Аллаһтан тура сөзді кім ?.

5. Аллаһ Та‛алә Әнфәл сүресінің 2-3-4-ші аяттарында айтады; « Сөзсіз му’миндер; Аллаһ еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Аллаһтың аяттары оқылса, имандары артып Раббыларына тәуекел қылады. Сондай-ақ олар, намазды толық орындап, оларға берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Міне солар, шын му’миндер. Олар үшін Раббыларының қасында дәрежелер және жарылқау әрі көркем несібе бар».

6. Аллаһ Та‛алә Хадж сүресінің 77-78-ші аяттарында айтады; «Ей иман келтіргендер! Рукуғ, сәжде қылып, Раббыларыңа ғибадат қылыңдар және хайырлы амал қылыңдар. Әрине құтыларсыңдар. Аллаһ жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ибраһим (а.с.) ның жолы. Аллаһ бұрын да, осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін ″Мұсылман″ деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаһқа жабысыңдар. Иелерің сол; нендей жақсы Ие. Нендей жақсы жәрдемші».

7. Аллаһ Та‛алә Му’минун сүресінің 1-9-шы аяттарында айтады; «Ақиқатында иман келтіргендер құтылды. Олар сондай муминдер, намаздарында іштей жалбарынады. Олар бос нәрселерден аулақ болады. Олар зекеттерін береді. Олар ұятты жерлерін сақтайды. Бірақ әйелдері немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. Егер кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар шектен шығушылар. Олар (иман келтіргендер) аманаттарын, уәделерін қорғаушы. Олар намаздарына ұқыпты».

8. Аллаһ Та‛алә Қасас сүресінің 227-ші аятында айтады; «Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп жақсы амал істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі».

9. Аллаһ Та‛алә Қасас сүресінің 80-ші аятында айтады; «Өздеріне білім берілгендер; ″Аллаһтың сыйлығы иман келтіріп жақсы амал істегендерге ғана жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді″ деді».

10. Аллаһ Та‛алә Ъанкәбут сүресінің 7-ші аятында айтады; «Сондай иман келтіріп, жақсы амал істегендердің жамандықтарын міндетті түрде жоямыз да, өздерін істегендерінен гөрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз».

11. Аллаһ Та‛алә Ъанкәбут сүресінің 56-ші аятында; «Ей иман келтірген құлдарым! Әрине жерім кең. Маған ғана ғибадат қылыңдар» деп амал қылуға бұйырса, осы сүренің 58 аятында былай айтады; «Иман келтіріп жақсы амал істегендер, әлбетте оларды джәннәттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да, олар онда мәңгі қалады».

12. Аллаһ Та‛алә Рум сүресінің 15-ші аятында айтады; «Ал енді иман келтіріп жақсы амал істегендер, бір бақшада сыйланады».

13. Аллаһ Та‛алә Рум сүресінің 45-ші аятында айтады; «Өстіп Аллаһ, иман келтіріп, жақсы амал істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас Ол, қарсы келгендерді жақсы көрмейді».

14. Аллаһ Та‛алә Луқмән сүресінің 8-ші аятында айтады; «Күмәнсіз иман келтіріп, жақсы амал істегендер, олар үшін нығметі таусылмайтын бақшалар бар».

15. Аллаһ Та‛алә Сәбә сүресінің 4-5-ші аятында айтады; «Иман келтіріп, жақсы амалдар істегендерге сыйлық берілуі үшін. Міне солар үшін; жарылқау, көркем несібе бар. Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар».

16. Аллаһ Та‛алә Сәбә сүресінің 37-ші аятында айтады; «Малдарың да, балаларың да сендерді бізге жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, жақсы амал істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады».

17. Аллаһ Та‛алә Фатир сүресінің 7-ші аятында айтады; «Сондай қарсы болғандар, оларға қатты азап бар. Ал иман келтіріп, жақсы амал істегендер, олар үшін жарылқау, әрі ірі сыйлық бар».

18. Аллаһ Та‛алә Фатир сүресінің 37-ші аятында айтады; «Олар (Яғни, иман келтірмегендер, жақсы амал істемегендер) тозақта; ″Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік″ деп шыңғырады. ″Сендерге үгіт алғысы келетін кісі үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар, Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ″ делінеді.

19. Аллаһ Та‛алә Сод сүресінің 28-ші аятында айтады; «Немесе иман келтіріп, жақсы амал істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба?».

20. Аллаһ Та‛алә Ғафир сүресінің 58-ші аятында айтады; «Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, жақсы амал істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінерсіңдер.

Амалмен көрсету иманның ажырамас бөлігі екенін көрсететін аяттар мен хадистердің көптігі соншалық, барлығын тізіп көрсету мүмкін емес. Пайғамбарымыздың саллаллаһу аләйһи уәссәләм, «Иманның ең әлсіз бөлігі, адамдардың жолында жатқан тікен талды алып тастау» деген кез-келген мұсылман білетін кең тараған өсиетінің өзі, иманның ең әлсіз бөлігінің өзі амалмен көрсету екеніне дәлел. Әбу Ханифаның көзқарасын ұстанушы ғалым Ибн Әби әл-Изз әл-Ханәфий өзінің «Шарх әл-Ақида ат-Тахауиә» кітабында былай дейді; «Амалмен көрсету иманның ажырамас бөлігі екендігіне, Кітап пен Сүннетте дәлел толып тұр»

Комментариев: 0
Страницы: 1 2
Абу Абдуллах
Абу Абдуллах
Был на сайте 5 марта 2015 года в 18:14
56 лет (01.01.1970)
Читателей: 1 Опыт: 0 Карма: 1
все 1 Мои друзья
zarina