Войти

Музыканың харам екеніне Сүннеттен дәлел.

Музыканың харам екеніне Сүннеттен дәлел. - АЛДЫҢҒЫ БУЫННЫҢ АҚИДАСЫ

Жалпы музыканы халал деушілер; «музыканың харам екендігін көрсететін нақты хадис жоқ» деген сөзді айтады. Олар дәлел ретінде Ибн Хазмның, әл-Ғазалидың және олардың ізіне ерушілердің сөздерін айтады. Алайда хадис ғұламалары, мухаддистердің айтуынша, бұл аталған адамдардың бірде-біреуінің хадис талдау, түсіндіру мәселесінде білімдері жоқ.

Имам Бухари «ас-Сахих» кітабында былай жазады; «Хишам ибн ‘Аммар айтты; маған Садақа ибн Халид айтты, ол Абдуррахмән ибн Иәзид ибн Джәбирден, ал ол Атыйә ибн Қайс әл-Киләбиден, ол Абдуррахмән ибн Ғанәм әл-Аш‘ариден, ал ол Әбу Мәлик әл-Аш‘ариден, оның өтірік айтпағанына Аллаһтың атымен ант етемін, Аллаһтың Елшісінен саллаллаһу аләйһи уәссәләм мынаны жеткізеді;
«Менің қауымымда зинақорлықты, жібектен киім киюді, қыздыратын ішімдіктер ішуді және музыкалық аспаптарда (әл-ма’азиф) ойнауды рұқсат етілетін нәрселерге жатқызатын адамдар пайда болады. Тау етегінде орын тепкен олардың орасан көп мал-мүлкі болады. Бір күні оларға қайыр сұрап тіленші келеді, оған олар; «ертең кел» дейді. Аллаһ оларды сол түні таумен бастырып, ауыр жазаға ұшыратады, ал тірі қалғандарын маймыл мен шошқаға айналдырады»(5590).

Ибн Хазм, Әбу Тахир әл-Қайсарани бұл хадисті әлсіз деп айтқан.

Ал хафиз Ибн Хаджар «ат-Тағлиқ» 5/22 кітабында; «Бұл хадис сахих және оның еш кемшіліктері жоқ деген».

Ал шейх Ибн Қайим әл-Джәузи былай жазады; «Бұл хадисті тек Ибн Хазм ғана әлсіз деп таныды. Ол мұны музыкалық аспаптар халал деген жалған пікірін бекіту үшін ғана істеді. Бұл муәллақ хадис деген оның пікірі дұрыс емес және бұған бірнеше себеп бар;

1). Бухари Хишам ибн Аммардың өз аузынан хадис естіген. Барлық мухаддистердің пікірінше «Хишам ибн Аммар айтты» деген сөзі осыған дәлел.

2). Бухари ешқашан өз аузынан хадис естімеген кісіден «пәленше айтты» деп хадис бастамайды. Өйткені Бухари хадис жеткізу мәселесінде Аллаһтың жаратылыстарының ішіндегі қателіктен ең алыс пендесі.

3). Ол бұл хадисті «ас-Сахих» құрамына енгізді. Хадис күмәнсыз сахих.

4). Бухари өз талабына сәйкес келмеген хадистерді «пәленше жеткізеді» деп, «айтты» деген сөзбен нақтыламай жеткізеді, ал бұл хадисте «Хишам айтты» деп нақты бекітіп айтқан.

5). Тіпті бұл хадисті біз талдамасақ та басқа мухаддистерде сахих жолмен иснад келген. (Тахзиб ас-Сунан, 5/271-272, «Иғасатул-Ләхуән», 1/259-260 кітаптары).

Хишам ибн Аммарды Бухаримен бірге хафиз Ибн Хаджар «Тахзиб әл-Кәмәл» кітабында сенімді жеткізуші деп атаған.
Бұл хадисті Бухари, Ибн Хиббан, әл-Исма’или, Ибн ас-Саләһ, ән-Нәуәуи, Ибн Таймиә, Ибн әл-Қайим, Ибн Касир, Ибн Хаджар, әл-Ирақи, Ибн Раджәб, Ибн әл-Уазир, ас-Сахауи, ас-Сан’ани, әл-Әлбәни, Ибн Баз сахих деген. Ал осы ғалымдардың бәрін жоққа шығарып, хадис мәселесінде әлсіз Ибн Хазм, Әбу Тахир, әл-Ғазалиге сүйенушілерге не жорық.

Аллаһтың Елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм өз аузымен, өзінің үмметінде харам болған музыкалық аспаптарды, халал деп пәтуә беретін адамдар шығатынын, түптің-түбінде олар маймыл мен шошқаға айналдырылатынын ашық хабарласа да, матурудилер бұл хадистің өңін айналдырып, бояуын өзгертіп, біз бұл хадисті былай түсінуіміз керек деп, өз пайдаларына тәпсір қылып, адастыруда.

«Лисанул ‘араб» 9/244 кітабында тіл ғұламасы Ибн Мәнзур айтады; «әл-Ма’азиф ― бұл музыкалық аспаптар».

Шейхул Ислам Ибн Таймиә «Мәджмуъ әл-Фатауа»11/535 кітабында былай дейді; «бұл хадис «әл-ма’азиф» музыкалық аспаптардың харам екенін көрсетеді. Осы сөз музыкалық аспаптарды түгел өз ішіне алады».

Шейх әл-Джәузи айтты; «Әл-ма’азиф ― музыкалық аспаптар екендігі жөнінде тіл ғалымдарының арасында талас жоқ. Егер музыка халал болса, Аллаһтың Елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм бұны сөкпес еді және бұған рұқсат бергендерді шарап ішуге және (еркектерге) жібек киюге рұқсат бергендермен қатар қоймас еді» (Иғасатул-ләхуән» 1/256 кітабы)

Аллаһтың Елшісі саллаллаһу аләйһи уәссәләм, былай деген; Ибн Са’д радиаллаһу анһу жеткізеді; «Қиямет басталар алдында адамдар азғындап, күйзеліске ұшырайды және жауыздық белең алады. Қасындағылар одан; О Аллаһтың Елшісі! Осының бәрі қашан болады деп сұрады. Ол; қашан музыкалық аспаптар мен әншілер көбейген кезде деп жауап берді» (Ибн Мәджәһ, Әлбәни сахих деген).

Обсудить у себя 0
Комментарии (0)
Чтобы комментировать надо зарегистрироваться или если вы уже регистрировались войти в свой аккаунт.
Абу Абдуллах
Абу Абдуллах
Был на сайте 5 марта 2015 года в 18:14
56 лет (01.01.1970)
Читателей: 1 Опыт: 0 Карма: 1
все 1 Мои друзья
zarina